Бүкіл әлем Қазақстанды спорттық және мәдениеті бай ел ретінде таныды - Хусейн әл-Муссалам

АЛМАТЫ. 6 ақпан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстан 7-қысқы Азия ойындарында өздерінің жоғары дайындығын көрсетті.
None
None

Азиялық Олимпиада кеңесінің бас және техникалық директоры Хусейн әл-Муссалам бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында осылай мәлімдеді.

«Біз бұл жарыс Астана мен Алматы қалаларында өтетін болған кезде қатты алаңдап едік. Қазақстан үкіметімен тығыз қатынаста көп жұмыс жасалды. Олимпиада қозғалысының Азияның мәдениетіне қосар үлесі өте қомақты. 7-қысқы Азия ойындары арқылы Қазақстан спорттық ел екенін және мәдениеті бай мемлекет екендігін күллі әлемге паш етті», - дейді Хусейн әл-Муссалам.

Оның айтуынша, Қазақстан бұл жарысқа өте жоғары деңгейде әзірленгенін көрсетті.

Соңғы жаңалықтар