Бүкіл әлемде «Жер уақыты - 2010» шарасы басталады
/strong>Наурыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Ертең, наурыздың 27-сі, жергілікті уақыт бойынша сағат 20.30-да бүкіл әлемде «Жер уақыты - 2010» шарасы басталады.
Елімізде бірінші болып бұл жаһандық акцияға Шығыс Қазақстан облысының Рахман шоқысы тұрғындары қатыспақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бүкіләлемдік жабайы табиғат қорының (WWF) Шығыс Қазақстан облыстық бөлімшесінің хабарлауынша, ауылдық мекендердегі әкімшілік үйлерінде, сауда орталықтарында, мектептерде, колледждер мен университеттерде және тағы да басқа ғимараттарда шамдар сөндіріледі. «Рахман шоқысы» шипажайында демалушылар шарақтар жағып, 60 деген санды құрап жасайды.
Аталмыш акция шаруашылықтар мен коммерциялық мекемелерді бір сағатқа электр қуат көзін сөндіруге де шақырады.
Еліміздің бірінші ресми қатысушылары болып Астана мен Алматы қаласы атанды. Астана әкімі Иманғали Тасмағанбетов қаланың маңызды нысандарын - "Бәйтерек", Ақорда резиденциясы, ҚР Жоғарғы соы, Тәуелсіздік сарайы, "Қазақ елі" монументі алдындағы алаңды, "Нұр Астана" Ислам орталығы, "Думан" ойын-сауық кешеніндегі сыртқы жарықтарды сөндіруге дайындықтарды жүргізуге бұйрық берді.
Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов "Көктөбе" телемұнарасының жарығын, жергілікті әкімшіліктің және тағы да басқа қалалық объектілердің жарықтарын сөндіруге бұйрық берді. Акцияға дайындықтар еліміздің басқа да қалаларында - Қарағандыда, Шымкентте, Павлодарда, Ақтөбе, Атырау, Өскемен және тағы да басқа қалаларда жүргізілуде.
Аталмыш шараға әлемнің 100-ден аса елдері мен мыңнан аса қалалар қатысады. Оның ішінде Мәскеу, Чикаго, Дубай, Гонконг, Астана, Ыстамбұл, Лас-Вегас, Лондон, Лос-Анджелес, Рим, Сан-Франциско, Сингапур, Сидней, Торонто, Варшава және тағы да басқа қалалар бар.
Биылғы жылғы акция адамзат тарихында тұңғыш рет, Гиннестің рекордтар кітабына енгізуге тұрарлықтай, кең ауқымда өтеді. Әлемнің көптеген қалаларында жарнамалық маңдайшалар, кеңсе және пәтер жарықтары сөндіріледі.
«Жер уақыты» акциясы - Бүкіләлемдік жабайы табиғат қорының жыл сайынғы халықаралық іс -шарасы.