Бүкіл әлемді дүбірге бөлеген 7-Қысқы Азия ойындары бүгін Алатаудың баурайында өз мәресіне жетіп отыр - А.Есімов

АТЫ. 6 ақпан. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бұл күн шебер ойындарымен барша жұртшылықты қуанышқа бөлеген спортшылар мен жанкүйер болып келген қазақ елінің құрметті қонақтар үшін де, сіздерді ақ ниетпен қарсы алған қазақстандықтар үшін де сәулелі сәт деп ойлаймын.
None
None

Бұл жайында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов 7-Қысқы Азия ойындарының жабылу салтанатында айтты.

Қала әкімі ардақты алматылықтар, қадірлі қонақтар, кеше ғана Астанада алауын жағып, бүкіл әлемді дүбірге бөлеген 7-Қысқы Азия ойындары бүгін Алатаудың баурайында өз мәресіне жетіп отыр дей келе: «Біз аз ғана уақыт ішінде көптеген достастық, ынтымағымыз артып, бірлігіміз нығайды. Спорттық жетістіктерімізбен бірге қуанып, жеткен жетістіктерімізді түйіндеп, өткен жылғы ЕҚЫҰ саммитін өткізгендей Қазақстан даңқы әлем ақпаратында тағы да қалықтады. Мұның барлығы Елбасын жүргізіп отырған сарабдал саясатының көрінісі», - деп атап өтті өз сөзінде қала әкімі.

А.Есімов әлемдік экономикалық дағдарысқа қарамастан, Азиада ойындарын жоғары деңгейде өткізуге бастамашысы болған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың зор қажыр-қайратын ерекше атап өтті.

Соңғы жаңалықтар