Бүкіл елде 5 000 нысан салынады және 250 000 жұмыс орны ашылады ? ҚР Премьер-Министрінің орынбасары

АЛМАТЫ. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Дәурен Жайлин/ - Жұмыспен қамту деңгейін сақтау мен халықтың тұрмысы төмен жіктеріне көмек көрсетуге бағытталған шаралар да шағын және орта бизнесті қолдауға жұмыс істеуде.
None
None
Бұл бағытта ішкі нарық сұранысын тартылтуға жол бермеу өте маңызды, бұл әсіресе отандық тауар өндірулер үшін маңызды. Бұл туралы бүгін Алматыда National Business Forum-2009 spring жиынында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Ахметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. С.Ахметов сондай-ақ Үкімет Мемлекет басшысының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау жөнінде Жол картасы жасалғанын еске салды. Оның айтуынша, қазірдің өзінде еліміздің барлық аймақтарында нысандар тізімі белгіленді. «Тұтастай алғанда, бүкіл ел бойынша 5 000 нысан салынады және 250 000-ге тарта жұмыс орындары ашылады. Бұл мақсатқа Үкімет 191 млрд. теңге бөліп отыр», - деді ол. «Алғаш рет үлкен сома ? 60 млрд. теңге ? тұрғын үй-коммуналдық саланы жаңартуға және дамытуға бағытталады. Ертең Үкіметте тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңарту жөніндегі кешенді жоспар мен тұжырымдама қабылдауға байланысты мәселе қаралады. Мұндай құжат Мемлекет басшысының тапсырмасымен алғаш рет жасалып отыр және алғаш рет экономиканың осы секторын жүйелі қаржыландыру, субсидиялау қаралмақ. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты мәселенің бәрімізге де қатысы бар. Саладағы жабдықтар тозып кеткен. Бұл саланың сондай-ақ екінші жағы ? инновациялық дамыту. Бұл орайда көптеген жобаларды, атап айтқанда ресурс үнемдейтін және энергия үнемдейтін жобаларды жүзеге асыруға болады. Сондықтан да мен бизнестің осы секторға ерекше көңіл бөлуін ұсынамын», - деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары.
Соңғы жаңалықтар