Бүкіләлемдік антидопинг агенттігінің вице-президенті қайтыс болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Африка Республикасында бүкіләлемдік антидопинг агенттігінің (WADA) вице-президенті Махенкези Арнольд Стофиле қайтыс болды, деп хабарлады РИА Новости.
Оның жасы 72-де болған және соңғы күндерін ауруханада өткізген.
2004-2010 жылдары Стофиле ОАР Спорт министрлігін басқарды, кейінірек WADA Атқару комитетінің мүшесі болды. Ал 2013 жылы оған агенттіктің вице-президенті болуға ұсыныс жасалды. Бұл қызметке 2014 жылдың қаңтар айында келді.
«WADA Стофиленің өмір бойы спорт ісі мен оңтүстікафрикалық қоғамның қалыптасуына зор үлес қосқанын мойындайды», - деп мәлімдеді агенттік басшысы Крейг Риди.