Бүкіләлемдік банктің президенті қызметіне үш үміткер ұсынылды
АСТАНА. 26 наурыз. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік банк халықаралық қаржы ұйымының басшысы лауазымына үш үміткерді ұсынды, оның қазіргі президенті Роберт Зеллик биылғы жылы маусымда қызметінен кетеді,
деп хабарлады Утро.ру агенттігі.
АҚШ-тан үміткер болып, Дартмут колледжінің президенті Оңтүстік Кореядан шыққан Джим Ен Ким ұсынылды. Сарапшылардың пікірінше, бұл таңдау жария емес дәстүрге наразы дамушы елдердің тарапынан айтылып жүрген сынға тосқауыл қоймақ. Бұған дейін Бүкіләлемдік банк президентіне АҚШ өкілі, ал Халықаралық валюта қорының басшылығына еурапалық тағайындалып келген болатын. Дамушы елдерден тағы екі үміткердің қатарында Нигерияның қаржы министрі Нгози Оконьо Ивеала мен Колумбияның бұрынғы қаржы министрі Хосе Антонио Окампо бар.
Жаңа президент 2012 жылғы сәуірде өтетін Бүкіләлемдік банк пен Халықаралық валюта қоры басшы органдарының көктемгі сессиясында сайланады деп күтілуде.