Бүкіләлемдік бокс кеңесінің президенті өмірден өтті

АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - WBC басшысы Хосе Сулейман өмірден өтті, деп хабарлады lenta.ru.

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің президенті өмірден өтті

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Хосе Сулейман Лос-Анджелестің ауруханасында 83 жасына қараған шағында дүниеден озды.

Сулейманның ұлы Маурисионың айтуынша, бокс ұйымының жетекшісі ұзаққа созылған сырқатқа шалдыққан. Кардиологиялық ауруға байланысты ол өмірінің соңғы айларын ауруханада өткізген.

WBC ұйымы жетекшілерінің қазасы жайлы ақпаратты растап, Сулейманды «бокстың әкесі» деп атады.