Бүкіләлемдік бокс сериясы матчының Кубогында Куба құрамасы Ресей командасын сүріндірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) үшінші аптасында Ресей командасы Куба құрамасынан (Cuba Domadores) басым түсті.
Жұма күні Гаванада болған кездесудегі барлық бес жекпе-жек кубалықтардың жеңісімен аяқталды.
Жекпе-жек қорытындысы:
46-49 кг: Жоанис Оскар Аргилагос - Бэлик Галанов - 3-0,
56 кг дейін: Робейси Рамирес Каррасана - Бахтовар Назиров - 3-0,
64 кг дейін: Ясниер Толедо Лопес - Авак Узлян - 3-0,
75 кг дейін: Арлен Лопес Кардона - Максим Газизов - 3-0,
91 кг дейін: Эрисланди Савон Котилья - Дмитрий Зайцев (техникалық нокаутпен Савонның жеңісі).
Ресейліктер үшін бұл ағымдағы маусымда өткен екі матчтағы алғашқы жеңілісі. Келесі жолы Ресей құрамасы 6 ақпанда Самарада Мексика (Mexico Guerreros) командасымен күш сынасады.