Бүкіләлемдік бокс сериясындағы үндістандық "Мумбай Файтерс" пен қазақстандық "Астана арландары" клубтары арасында кәсіпқой бокс матчы болады

АЛМАТЫ. 16 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Мумбайда жергілікті уақытпен 19:30-да Бүкіләлемдік бокс сериясы (WBS) аясында үндістандық "Мумбай Файтерс" пен қазақстандық "Астана арландары" клубтары арасында кәсіпқой бокс матчы болады.

Бүкіләлемдік бокс сериясындағы үндістандық "Мумбай Файтерс" пен қазақстандық "Астана арландары" клубтары арасында кәсіпқой бокс матчы болады

Болат Манкенов жаттықтыратын астаналықтардан бұл жолы Хабибулла Исмайл-Ахунов (54 кг), Ержан Мүсәпіров (61 кг), Мирас Байырханов (73 кг), және алжирлік легионерлер Абдельхафид Бенчабла (85 кг) мен Чуайб Болодинатске (91 кг) үміт артып отыр. Ал мумбайлықтардың намысын онда Балбир Синх (Balbir Singh), Дюакар Прасад (Diwakar Prasad), Санжин Пол Вргос (Sanjin Pol Vrgos), Леонид Шарнабаев (Leonid Charnabayeu) пен Кришан Кумар (Krishan Kumar)

қорғамақ. Бұл жекпе-жектер "Ел арна" телеарнасында түнгі 12:15-те көрсетілмек.