Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттік тыйым салынған препараттар тізімін жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттік (WADA) 2017 жылға спортшылардың пайдалануына тыйым салынған жаңартылған тізімді жариялады. Жаңа тізімде мельдоний де бар.

Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттік  тыйым салынған препараттар тізімін жариялады

WADA басшысы Крейг Риди спортшылардың жаңа тізіммен танысуына 3 ай барын атап өтті. «Оларда уақыт жеткілікті. Әлем спортшылары осы стандартқа сай болуы тиіс, бұл ережелерді қасақана бұзған спортшы жазаланатын болады», - деп мәлімдеді ол.

Тыйым салынған препараттардың жаңартылған тізімі 2017 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді, деп хабарлады ұйымның ресми сайты.