Бүкіләлемдік Кардиоторокалды хирургтер қоғамының форумы Астанада өтуі мүмкін

«Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының басшысы маған жақсы жаңалықты жеткізді. Осы орайда Бүкіләлемдік Кардиоторокалды хирургтер қоғамының үлкен форумының 2017 жылы Астанада өткізілуін күтеміз. Осындай шешім қабылданса, біз бұл айтулы шараға дайындалатын боламыз», - деді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Серікбол Мусинов.
Айта кетейік, ІІІ Ұлттық кардиохирургтер конгресіне 500-ден астам отандық және шетелдік дәрігерлер, ғалымдар мен сарапшылар қатысуда. Олардың арасында 47 спикер - кардиология, кардиохирургия саласындағы әлемдік танымал мамандар.
Бұл шараның мақсаты - тәжірибе, идея алмасу үшін түрлі елдердегі кардиохирургтерді біріктіру.
Конгресті Назарбаев Университеті мен ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен Чикаго Университеті және Бүкіләлемдік Кардиторокалды хирургтер қоғамымен ынтымақтаса отырып, «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ ұйымдастырды.