Бүкіләлемдік мұралар тізіміне әзірге Орталық Азиядан 9 мәдени және 1 табиғи нысан еніп отыр

None
None
АЛМАТЫ. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүкіләлемдік мұралар тізіміне әзірге Орталық Азиядан 9 мәдени және 1 табиғи нысан еніп отыр.
Бұл бүгін Алматыда өтіп жатқан БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) Бүкіләлемдік мұралар тізімінің «Жібек жолы» сериялық аталымының 5-ші аймақтық семинарында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл басқосуға қатысушыларға ЮНЕСКО мен ИСЕСКО істері жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық комиссиясының төрағасы Иманғали Тасмағамбетов өз құттықтауын жолдаған болатын. Онда Орталық Азия мен Қытай аумағынан шығып Корея, Жапония, Үндістан, Ресей және Кавказ, Таяу Шығыс пен Жерорта теңізі елдерін түгел қамтитын Жібек жолы бастамасының бірегейлігі тілге тиек болған. Сондай-ақ қазір Бүкіләлемдік мұралар тізімінде ең аз таныстырылған өңірлердің бірі Орталық Азия екені айтылады. Жалпы бүгінгі таңда Бүкәлемдік мұралар тізімінде 850-ден астам мәдени және табиғи нысан бар. Иманғали Нұрғалиұлының сөзіне қарағанда, оған Орталық Азиядан тек 9 мәдени және 1 табиғи нысан ғана еніп отыр. Оның ішінде Қазақстаннан Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен «Тамғалы археологиялық ландшафындағы петроглифтер» мәдениет ескерткіші және табиғат аталымы бойынша «Солтүстік Қазақстанның далалары мен көлдері» енген. Ал Қырғызстан мен Тәжікстаннан бірде-бір нысан жоқ.
Соңғы жаңалықтар
telegram