Бүкіләлемдік саяхатқа шыққан автомобильші Африкаға жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайлық Сычуань провинциясының (Оңтүстік-Батыс Қытай) автомобильшісі Чэнь Юн өткен жылдың маусым айында бүкіләлемдік саяхатқа аттанған болатын.
Таяуда ол Камерун астанасы Яундеге келді, деп хабарлады Синьхуа.
Кеше саяхатшы сапарға шыққанында өзінің осыншама қашықтықты басып өтетіндігін білмегендігін айтты. Талай қиындықтарға тап болғанына қарамастан, алған бетінен қайтпаған.
Чэнь Юн 2 маусымда Яунде қаласына келді. Осыған дейін ол қытайлық көлікпен Еуропа мен Африканың 40-тан астам елінде болып, шамамен 45 мың км бағындырды. Чэнь Юнның сөзіне қарағанда, бұл қаладан кейін ол Габонға барады. Ал сапарының соңғы жері ОАР болмақ.