Бүкіләлемдік WSB бокс сериясының финалы Астанада өтеді

«Аталған мәселе «Astana Arlans» пен «German Eagles» осында қорытынды жекпе-жектерін өткізіп, тараптар түпкілікті шешімге келгеннен кейін ғана белгілі болды. Қазақстандық клубтың бас директоры Болат Манкеновтің айтуынша, мұндай ірі оқиғаны өткізу туралы ұсыныс осыдан үш ай бұрын WSB мен AIBA тарапынан түсті. Содан кейін финалдың әлеуетті қожайындары клубтың қадағалу кеңесімен келіссөздер жүргізе бастады. Ұсынысты «Астана» президенттік кәсіби спорт клубы да қолдады», - делінген хабарламада.
«Алдымызда Қазақстанда өткізілуі жоспарланған үлкен іс-шаралар (Бокс Академиясының ашылуы, Алматыда күзде бокстан әлем чемпионатының өтуі) тұр. Қазір әлемдік спорт қауымдастығының назары біздің елге ауған. Сондықтан, WSB финалын Астанада өткізуге шешім қабылданса, оған еш таңғалудың қажеті жоқ», - деген болатын Болат Манкенов.
Қазақстандық клуб В тобындағы турнир кестесінің бірінші жолынан Бүкіләлемдік бокс сериясының плей-оффіне шыққандығын атап айтқан жөн. «Astana Arlans» алғашқы ширек финалын 22-23 наурызда «Argentina Condors» немесе «Russia Boxing team»-ге қарсы өткізеді. Қос командада 1/4 финалға шығуға үмітті.
Еске салсақ, Бүкіләлемдік бокс сериясының финалы бұған дейін Гуйянг (Қитай, 2011) және Лондон (Ұлыбритания, 2012) қалаларында өткізілген болатын.