Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бүкіләлемдік жүгіруге қатысушылар қайырымдылыққа 3 млн еуро жинады

БАКУ. ҚазАқпарат - Биылғы жылы Wings for Life World Run қайырымдылық мақсатындағы жүгіруге Әзербайжанды қосқанда 66 елден 100 мың адам қатысты. Энтузиастер жинаған барлық жарна  жұлын жарақатын зерттеуге, оны емдеу жолдарын іздеуге жұмсалады.

Бүкіләлемдік жүгіруге қатысушылар қайырымдылыққа 3 млн еуро жинады

АЗЕРТАДЖ агенттігінің хабарлауынша, Бакуде өткен бәсекеде 28,35шақырымға жүгірген Анна Юсупова жеңімпаз атанған.

Ал ерлер арасында 25 шақырымды еркін бағындырған  Сулейман Алиевтің мерейі үстем болды.

Айта кетер жайт, жүгіруге ниет қылғандардың бәрі, мүгедектер арбасына таңылған жандар қатысады.

 Ол бүкіл әлемде бір уақытта және ауа райына қарамай басталады. Спортшылар мәреден шыққан сәттен жарты сағаттан соң олардың артынан автомобиль жүреді. Алдымен ол сағатына 15 шақырымдық жылдамдықпен жүреді, содан кейін ұлғайта бастайды.

Қатысушылар автомобиль қуып жеткенде жарыстан шығулары тиіс.

Ал мүгедек арбасымен бәрінен ұзаққа жүгірген адам жеңімпаз атанады.

Әлем бойынша жүгіруде әйелдер арасында португалиялық спортшы Вера Нунеш үздік көрсеткішке қол жеткізді. Ол Германияда 54 шақырым қашықтықты бағындырды.

Ал ерлер арасында мүгедек арбасындағы шведтік Арон Андерсоннан озан жан болмады.

Ол АҚШ-тағы жүгіруге қатысып, 90 шақырымды артқа тастаған. Айта кетері, Андерсон екінші жыл қатарынан жеңімпаз атанып отыр.

Жалпы алғанда қатысушылар 900 мың шақырымнан астам қашықтыққа жүгірген.

Жарыстың арқасында 3 миллион еуро жиналды. Бұл шара осымен бесінші рет ұйымдастырылып отыр.