Бүкілқытайлық халықтық саяси консультативтік кеңесі комитетінің жаңа басшысы сайланды

БЕЙЖІҢ. 11 наурыз. ҚазАқпарат - Бейжіңде Бүкілқытайлық халықтық саяси консультативтік кеңесі комитетінің жаңа басшысы сайланды. Ол лауазымды Шанхай қалалық КҚП хатшысы Юй Чжэншэн атқаратын болды.

Бүкілқытайлық халықтық саяси консультативтік кеңесі комитетінің жаңа басшысы сайланды

Дүйсенбі күні Халықтық жиналыстар үйінде БХСККК бірінші сессиясының 4-ші пленарлық отырысында Юй Чжэншэн Қытай жоғары саяси консультативтік органының жаңа төрағасы қызметіне тағайындалды.

Айта кетейік, «Көппартиялы ынтымақтастық және саяси консультациялар органының» әр шақырылымының мерзімі - 5 жыл.