20:06, 01 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Бүкілресейлік мемлекеттік кинематографистер институтында Шукшинге, Тарковскийге және Шпаликовқа ескерткіш ашылды
МӘСКЕУ. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат - Бүгін Бүкілресейлік мемлекеттік кинематографистер институтында Василий Шукшинге, Андрей Тарковскийге және Геннадий Шпаликовқа ескерткіш ашылды. Үш мүсін түрлі биіктіктерде орналастырылған, композицияның жалпы биіктігі - екі метрге жуық,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.
Оны құру идеясы Сергей Соловьевке тиесілі. Шукшиннің мүсініне кеудеше мен гимнастерка, Тарковскийге - пиджак пен галстук кигізілген.