Букингем сарайы 2027 жылға дейін мемлекеттік сапарлар үшін жабық болады

АСТАНА. KAZINFORM – Алдағы үш жылда Букингем сарайына мемлекеттік сапарлар өткізілмейді, өйткені ғимараттың тарихындағы ең ірі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды The Times. 

Букингем
Фото: thetimes.com

– Қатар әмірінің желтоқсандағы сапарынан кейін барлық мемлекеттік сапар 2027 жылға дейін Виндзор сарайында өтеді. Бұл Букингем сарайының 369 млн фунт стерлинг жұмсалатын он жылға созылатын жөндеу жұмыстарына байланысты, - деп жазды басылым.

Бұған дейін король Чарльз бен патшайым Кларенс-хаустың Букингем сарайына жөндеу жұмыстары аяқталған соң көшетіні хабарланған болатын. 

– 2017 жылы Чарльз патша болған кезде Букингем сарайынан корольдік резиденция ретінде бас тартуды жоспарлап отырғанын мәлімдеген еді. Бірақ сол кезде Кларенс-хаус бұл жоспарды жоққа шығарды, - деп еске алады The Times.

Қатар әмірінің сапарынан кейін барлық мемлекеттік сапар Букингем сарайындағы жөндеу жұмыстары аяқталғанша, 2027 жылдың ортасына дейін Виндзор сарайында өтеді. Чарльз бен Камилла келесі жылдың бір бөлігінде шағын қабылдауларды таңдаулы орындарда өткізеді. Алайда бұл залдар да 2025 жылы жабылады. Осыдан кейін барлық корольдік қабылдау 2027 жылы Букингем сарайы толығымен қайта ашылғанға дейін Сент-Джеймс сарайына немесе Виндзор сарайына ауыстырылады.

Букингем сарайы – 1837 жылдан бері британдық монархтардың Лондондағы ресми резиденциясы.

Еске салсақ, химиотерапиясы аяқталған Уэльс ханшайымы алғаш рет көпшілік алдына шықты.