Бүкіл мемлекеттік аппараттың жалақы қоры қанша – Қаржы министрінің жауабы

айлық
Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Қаржы министрі Мәди Такиев бүкіл мемлекеттік аппараттың жалақы қоры қанша екенін айтты.

«Мен бүкіл мемлекеттік аппараттың жалақысына қатысты ғана айта аламын. Қателеспесем, жылдық сомасы 1 трлн 32 мың теңгені құрайды. Бұл - бүкіл мемлекеттік қызметшілердің еңбек ақысы», - деді Мәди Такиев Үкімет отырысынан кейінгі брифинг барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Айта кетейік, елімізде 89 мың мемлекеттік қызметші бар.

Соңғы жаңалықтар