07:03, 19 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Букмекер Головкин - Альварес реваншына болжам жасады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лас-Вегаста тұратын белгілі букмекер және спорт шолушысы Эр Джей Белл қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы ықтимал реванш коэффициентін атады, деп хабарлайды Sports.kz.
Танымал букмекер Головкиннің жеңісін - 1.59, ал Альварестің жеңісі- 2.50 деп есептейді. Боксшының тең түсу коэффициенті әлі жарияланған жоқ.
Еске сала кетейік, Головкин - Альварес жекпе-жегі төрешілердің шешімімен тең аяқталған болатын.