13:31, 11 Наурыз 2017 | GMT +5
Букмекерлер Головкиннің жеңісі үшін коэффициентті азайтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Букмекерлік кеңселер қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (36-0, 33 КО) америкалық Дэниэл Джейкобсты (32-1, 29 КО) жеңетініне күмән келтірмейді, деп хабарлайды Sports.kz.

Головкин - Джейкобс айқасы наурыз айында өтетіндігі алғаш хабарланған кезде, букмекерлер мынадай коэффициенттер ұсынған еді: Головкиннің жеңісіне - 1,32, Джейкобстың жеңісі үшін - 3,50. Алайда, жекпе-жектің өтетін күні жақындаған сайын олар GGG-дің жеңісіне сенім артуда. Олардың баға белгілеуі төмендегідей (William Hill мысалында): Головкиннің жеңісі - 1,10, Джейкобстың жеңісі - 6,50.
Айқас 18 наурыз күні Нью-Йорктің Madison Square Garden аренасында өтеді.