Бұқпа тауы баурайында 7-Қысқы Азия ойындарына арналып «Азиада қарсаңында» іс-шарасы өткізілді - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. 10 қаңтар. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/-Бүгін Көкшетаудың іргесіндегі Бұқпа тауы баурайында 7-Қысқы Азия ойындарына арналып шаңғыдан «Азиада қарсаңында» фестивалі ұйымдастырылды.

Бұқпа тауы баурайында 7-Қысқы Азия ойындарына арналып «Азиада қарсаңында» іс-шарасы өткізілді - Ақмола облысы

«Менің жеңісім-елімнің жеңісі!» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған фестивальге облыс орталығындағы жоғары және арнаулы оқу орындары, жоғары сынып оқушылары, колледждер мен лицейлер жеткіншектері қатысып, бақтарын сынады. «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы «Жас Отан» жастар қанатының ұйытқы болуымен өткен шаңғы сайысына екі жүзге тарта үміткер қатысты. Олардың бұл жолы мың метрлік қашықтықты еңсерулері қажет еді. Салуатты өмір салтын қалыптастыруды мақсат тұтқан жас буын өкілдері ауа райының суықтығына қарамастан мақсат биігінен көрінді.

Жүзден жүйрік шығып, мәре сызығынан бірінші өткендер, жалпы шаңғы фестиваліне қатысқандардың барлығы да арнайы сый-сияпатқа иелік етті.