Бұқтарма су қоймасында адасқан балықшылар құтқарылды

ӨСКЕМЕН. Қаңтардың 18-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Бұқтарма судағы құтқару қызметінің мамандары адасқан балықшыларды құтқарды,

 Бұқтарма су  қоймасында   адасқан балықшылар    құтқарылды

деп хабарлады төтенше жағдайлар қызметінен.

Жексенбі күні кешке Өскемен тұрғыны құтқарушылардан көмек сұрады. Ол жиені мен оның екі жолдасы Бұқтарма су қоймасында адасып кеткенін хабарлады.

Кеш батып, аяз күшейе бастаған кез, жігіттердің бірі ұялы байланысқа шыға алды. Ол құтқарушыларға, достарының бірі шатырда қалғанын хабарлайды, ал бірнеше сағаттан кейін құтқарушылар балықшыларды қауіпсіз жерге алып шығады.

Жігіттердің бәрі аман-есен.