Бұқтырма өзенінде мұз кептелісі салдарынан су деңгейі көтеріліп кетті

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Лесная Пристань ауылында мұз кептелісінен Бұқтырма өзенінде су деңгейі көтерілді. 

өзен
Фото: ШҚО жедел штабынан

25 қарашада сағат 16:50-де Лесная Пристань ауылында мұз кептелген. Соның салдарынан Бұқтырма өзенінде су деңгейі 430 см-ге дейін көтеріліп кетті. Сол күні таңертең су деңгейі 310 см құраған. 

«Судың қатерлі деңгейі – 530 см. Бұл мұз қатқанда жыл сайын болатын жағдай. Оқиға орнында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары бақылау жасап, адамдар мен техника әзір тұр», - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облыстық жедел штабынан. 

Барлық қызмет құралдары су деңгейінің тағы да көтерілуіне дайын. Десе де екі метрлік бөгеттен елді мекендерге су жайылуы екіталай. 

Еске салсақ, осыған дейін Алматыда 500-ден аса арнайы техника жолды қар мен мұздан тазалап жатқаны хабарланған.

Соңғы жаңалықтар