Бұқтырма су қоймасында төрт балықшы қамыс арасында адасып кеткен

АСТАНА. KAZINFORM — Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданында балық аулауға шыққан төрт ер адам құтқарушылардың көмегіне жүгінуге мәжбүр болды.

Екібастұзда балықшы суға батып кетті
Фото: Павлодар облысы ТЖД

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, қараңғы түскен кезде балықшылар бағыт-бағдарынан жаңылып, қалың қамыстың арасынан өз беттерінше шыға алмаған.

Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері жедел жетті. Ер адамдарды тапқан құтқарушылар оларды көліктеріне дейін ертіп апарды. Балықшыларға медициналық көмек қажет болған жоқ.

—Балық аулауға шыққанда қараңғы түсу уақытын ескеріп, жергілікті жердің ерекшеліктерін назарға алыңыз және қайту бағытын алдын ала жоспарлаңыз. Үйге қайтуды кешкі уақытқа қалдырмаңыз, — деп ескертті ведомство.

Бұдан бұрын құтқарушылар Балқаш көлінен екі балықшыны эвакуациялағанын жазғанбыз.