Бұқтырма су қоймасына 19 млн-ға жуық шабақ жіберілді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасына 19 млн-ға жуық шабақ жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұқтырма су қоймасына 19 млн-ға жуық шабақ жіберілді

ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметіне сүйенсек, өңірдегі су айдындарын балықтандыру шаралары жүргізіліп жатыр.

«Балық шаруашылығын дамыту мақсатында іске асырылатын жұмыстардың бірі – жыл сайын су айдындарын балықтандырып отыру. Балық саны азайып кеткен өзен-суларға уақтылы шабақ жіберіліп отырылуы тиіс. Оны осы саладағы кәсіпорындар жүргізіп отырады. Одан бөлек, мемлекет қаражатына да балықтандыру жұмыстары жүргізіледі», - делінген ақпаратта. Өңірдегі бұл жұмыстар 15 сәуірде басталған. Бүгінгі таңда Бұқтырма су қоймасына 19 млн-ға жуық шабақ жіберілді.

Балық ресурстарын молықтыру және сақтау мақсатындағы бұл шаралар мамыр айының соңына дейін жалғаспақ.