Бұқтырмада 178 келі балықты заңсыз аулаған браконьер ұсталды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 178 келі балықты заңсыз аулаған браконьер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұқтырмада 178 келі балықты заңсыз аулаған браконьер ұсталды

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полиция қызметкерлері мен облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының инспекторлары бірлесіп, Бұқтырма су қоймасында рейд жүргізді.

«Соның нәтижесінде, заңсыз балық аулаған Көкпекті ауданы Самар ауылының 44 жастағы тұрғыны ұсталды. Одан 178 келі «Рипус» балығы, 100 метрлік екі тор, күрек пен шана тәркіленді. Келтірілген материалдық шығын көлемі 1 миллион теңгеде асады», - делінген ақпаратта.

Полиция бөліміне жеткізілген браконьер өз кінәсін мойындады.

Қазіргі уақытта оған қатысты ҚР ҚК-нің 335 бабы 1 бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.