Бұқтырмада қайықпен жүрген адамдар жағаға жете алмай қалды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасында қайықпен жүріп қатты дауылдан жағаға қайта алмай қалған 4 адамға құтқарушылар көмекке келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұқтырмада қайықпен жүрген адамдар жағаға жете алмай қалды

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 12 тамызда таңертең болды.

«Бұқтырма су қоймасындағы «Аюда» демалыс базасында 4 адам, оның ішінде 1 бала қайыққа отырып, суға жүзіп кеткен. Кенет ауа райы күрт бұзылып, дауыл соқты. Соның салдарынан жағаға қайта алмай қалған демалушылар «112» нөміріне қоңырау шалып, көмек сұрады», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Көп ұзамай оларға көмекке сол базада жұмыс істейтін 2 құтқарушы келіп жетті. 4 адам моторлы қайықпен жағаға аман-есен жеткізілген.