10:30, 05 Қаңтар 2010 | GMT +5
Бұқтырмада мұздың кептелуі салдарынан 3 жер үй су астына кетіп, 12 адам қауіпсіз жерге көшірілді - ТЖМ
АСТАНА. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат - Бұқтырма өзенінде мұздың кептелуі салдарынан 3 жекеменшік үй су астына кетіп, 12 адам қауіпсіз жерге көшірілді,

деп хабарлады бүгін Төтенше жағдайлар министрлігінен.
Мәселен, қаңтардың 4-і таңғы сағат 05.00-де Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы Барлық ауылының (бұрынғы Печи) тұсында Бұқтырма өзенінің бойын құрсаған мұздың салдарынан, арнасынан асқан су - үш тұрғын үй мен аулалық аумаққа салынған шаруашылық нысандарды шайып кетті. 12 адам қауіпсіз жерге көшірілді.
«Басқа үйлер мен шаруашылық нысандарды су басу қаупі жоқ», - деп атап өтті министрліктің баспасөз қызметінен.