Бұл ауған соғысына қатысқан аға-бауырларымызға көрсетілген тағзым болып табылады - Б.Мәнізоров
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Шара барысында Алатау ауданының әкімі Бағдат Мәнізоров Ауған соғысына қатысқан ардагерлерге арнайы құттықтау сөз сөйлеп, оларды марапаттады.
Сонымен қатар, Ауған соғысының бет-бейнесін ашатын сюжеттік көрініс қойылып, аудандағы жоғары және орта оқу орындарының студенттерің концерттік бағдарламасы көрсетілді.
Аудан әкімі аталмыш соғысқа қатысқандардың сол бір ауыр кезеңде жауынгерлік антқа адал болып, Отан алдындағы борышына адалдық пен ерліктің үлгісін танытқандығы айдай ақиқат екендігін жеткізді.
«Отанын сүйген жауынгер-интернационалистерді еске алған бұл күн қуаныш пен өкінішке толы күн деп айтуға болады. Қуаныштысы - Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылуы болса, өкініштісі - көптеген жауынгерлеріміздің сол соғыста опат болуы. Бұл - ата-ана, қарулас достар, туған-туысқандары үшін орны толмас қайғы.
Осы орайда бүгінгі жиын біз үшін кезекті шара емес. Бұл - өзінің борышын өтеп, ерлік көрсеткен аға-бауырларымызға көрсетілген тағзым болып табылады», деді Бағдат Сайланбайұлы.