Менің жеңісім – бүкіл команданың еңбегі – Илья Мизерных

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Оңтүстік Кореяның Канвондо қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы қысқы олимпиада ойындарынада Қазақстанға тарихи алтын сыйлаған 16 жастағы шаңғышы Илья Мизерных жарыстағы әсерімен бөлісті.

Илья Мизерных
Фото: Видеодан алынған кадр

Жасөспірімдер арасындағы қысқы олимпиадада Қазақстан қоржынына тұңғыш алтынды салған Илья Мизерных елге оралды. Спортшыны Алматы әуежайында бір топ жанкүйерлері мен жақындары ыстық ықыласпен қарсы алды.

«Мен жаттықтырушының нұсқауын мүлтіксіз орындадым. Бапкерім не істе десе, соны айнытпай қайталадым. Иә, алаңдаушылық болды. Тұғырға шыққанда ерекше толқыныс болды. Мені өзіме бәрі артта қалды, алда тек жақсылықтар күтіп тұр дедім. Тапсырманы орындадық деп ойлаймын, менің жеңісім – бүкіл команданың, оның ішінде жаттықтырушылар құрамының еңбегі. Біздің жігіттер әрқашан бір-біріне көмектесіп, мотивация береді. Маған қолдау білдірген жанкүйерлерге алғысым шексіз»- деді Илья Мизерных.

Бұған дейін шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан командасының мүшесі Илья Мизерных Канвондағы жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы атанғаны туралы жазған едік. Алғашқы мүмкіндіктен соң Мизерных үшінші орынын сақтап қалды. Ал екінші мүмкіндікте нәтижесін жақсартып, кейін бірінші орынға шықты.

Қазақстан тарихындағы тұңғыш алтын медальді жеңіп алған Илья Мизерныхты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтулы жеңісімен құттықтады.