Бұл күнге Ұлы Жеңістің арқасында қол жеткіздік ? ардагер ана

АЛМАТЫ. Мамырдың 9-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Бұл күнге біз Ұлы Жеңістің арқасында қол жеткіздік». Бүгін Алматыда өтіп жатқан Жеңіс мерекесіне орай салтанатта барлық қала тұрғындары мен қонақтары осы сөзді тілге тиек етті,

Бұл күнге Ұлы Жеңістің  арқасында қол жеткіздік ? ардагер ана
деп хабарлайды ҚазАқпарат «1941-1945 жылдардағы соғыстағы жеңіске еңкейген қарттан - еңбектеген балаға дейін өз үлесін қосты. Азаматтармыз Отанымызды жау табанының астында қалдырмаса екен, елге аман оралса екен деп тілеу тіледік. Өзіміз аш болсақ та күні-түні бел шешпей еңбек етіп, тоқыма тоқып, киім-кешек тігіп барлығын майданға жібердік. Бұл соғысқа менің өз жақындарымнан 15-тей адам қатысты», дейді Алматы облысы Қарасай ауданы Қарағайлы ауылының тұрғыны, еңбек ардагері Бибіғайша Көпесбаева. Қазір 14 немере, 28 шөбере сүйіп отырған ардақты ана бүгін Алматыдағы Жеңіс мерекесіне арнайы келген көрінеді. «Қазір менің ауылымда соғыс ардагері жоқ, бірен-саран еңбек ардагері ғана қалды. Бұл мерекеде қайтыс болып кеткен майдангерлер рухына тағзым етіп, мәңгілік алауға гүл қоюды өзіме парыз санадым. Бүгінде қатары күн санап селдіреп келе жатқан ардагерлерді соғысқа қатысқан, тылда болған деп бөле-жармай қараған жөн шығар. Олар аспандағы айды сұрап отырған жоқ, тек қоғамның ықылас-пейіліне зәру», дейді Б. Көпесбаева.