Бұл күні «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Сәкен Иманасов дүниеге келген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, осыдан 78 жыл бұрын (1938-2012) жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты ИМАНАСОВ Сәкен дүниеге келді.

Бұл күні «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Сәкен Иманасов дүниеге келген

Алматы облысының Алакөл ауданында туған. Еңбек жолын теміржол құрылысында қатардағы жұмысшы болып бастап, ұжымшар қызметкері, аудандық комсомол комитетінің нұсқаушысы қызметтерін атқарған. 1959 жылдан бастап бірыңғай журналисттік қызметке ауысқан.
«Балдырған» журналында, «Қазақ мемлекеті» газетінде, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығында істеген. «Жазушы» баспасының редакторы, редакция меңгерушісі, бас редакторы болған. Кейінгі жылдары Алматы облыстық әкімшілігінде жауапты қызмет атқарған. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған. Ақынның алғашқы өлеңі 1956 жылы жарық көрген. Содан бергі кезеңде «Туған ауыл», «Ақ айдын», «Ақ дариға», «Жайдарман», «Ғашық дүние», «Алтын аймақ», «Ғашықпын саған», «Бел-белес», «Адырна», «Жебе», орыс тілінде «Созвучие», «Тетива» атты кітаптары жарық көрген.
2001 жылы «Қаламдастарым мен замандастарым» атты эсселер, пайымдамалар, арнау өлеңдер кітабы, 2003 жылы «Елорда» баспасынан соңғы он шақты жыл ішінде жазылған өлеңдері «Өнердің жүзі» деген атпен, естеліктері «Жазушы» баспасынан «Қалам мен Заман» деген атпен шыққан. Көркем аударма саласында оның тәржімасымен шығыс шайыры Жалаладдин Руми, орыс ақындары А.Кольцов, В.Маяковский, ангола ақыны А.Нетто кітаптары қазақ тілінде жарық көрген.
2012 жылдың 10 желтоқсан күні Алматы қаласындағы үйінде қайтыс болды.