Бұл пьеса автор мен режиссердің арасындағы шығармашылық байланыстың жемісі болды - Нұрғали Ораз

None
None
АЛМАТЫ. 3 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Кеше Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрында "Таудағы түн" деп аталатын лирикалық драманың таныстырылымы өтті. Қойылымның авторы жазушы, журналист Нұрғали Ораз.

"Бұл менің "Адасқан жұлдыздан" кейінгі екінші пьесам. Алғашқы шығармамды Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер, белгілі режиссер Балтабай Сейітмамытұлы қойған болатын. Содан кейін автор мен режиссердің арасында шығармашылық байланыс пайда болды. Балтекең менің әңгімелер жинағымды оқып, "Бақ құсы" деген туындымның желісі бойынша пьеса жазуға тапсырыс берді. Оған жаңа кейіпкерлер қосып, жаңа сюжет қосып осы екінші пьесаны дайындадым", - дейді Н.Ораз. Автордың айтуынша, драмадағы басты кейіпкер - жазушы. Уақыт - қазіргі заман. Онда ауыл, қала және бір сұлу келіншектің күрделі тағдыры туралы айтылады. Жазушының пайымдауынша, жалпы жалғыздық деген мәселе барлық адамға ортақ. Адам оңаша қалғанда барлық жерде өзін жалғыз сезінеді. Мысалы, өте сұлу келіншектің жалғыз қалуы мүмкін емес сияқты көрінеді. Шын мәнінде жүректегі жалғыздық бұл қойылымда айқын сезіледі.

Соңғы жаңалықтар
telegram