Бұл сайлау Жаңа Қазақстанның бастамасы – Абайдың немере туысы Манатай ақсақал

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының немере туысы Манатай Толғанбаев сайлауда дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл сайлау Жаңа Қазақстанның бастамасы – Абайдың немере туысы Манатай ақсақал
Видеодан алынған кадр

Абай облысындағы Абай ауданында тұратын 86 жастағы Манатай Толғанбаев ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысып, дауыс берді.

«Бұл сайлау Жаңа Қазақстан құрудың бастамасы. Сол үшін сайлауға бәріміз қатысып жатырмыз. Ел келешегінен зор үміт күтеміз. Жаңғыру, жаңару кезеңі басталып, халықтың әл-ауқаты, тұрмысы жаңарады деп сенеміз», - дейді ұлы ақынның немере туысы Манатай ақсақал.

Айта кетейік, Абай облысында барлығы 478 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Өңір бойынша сайлаушылардың жалпы саны - 416 030 адам. Оның ішінде 2684-і - мүгедектігі бар адам. Барлық сайлау учаскесінде оларға тиісті жағдай жасалған.

Еске салсақ, осыған дейін сайлау күні шаңырақ көтерген семейлік екі жастың дауыс бергенін хабарлаған едік.