10:07, 29 Мамыр 2022 | GMT +5
Бұл тәулікте 8 адам коронавирус жұқтырса, 10 адам сауығып шықты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Соңғы тәулікте Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус инфекциясын жұқтырған 8 дерек тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, елімізде қауіпті індетті жұқтырғандар саны 1 305 740-қа жетті.
«Оның ішінде, Нұр-Сұлтан қаласында - 2, Алматы қаласында - 3, Қарағанды облысында 3 ахуал анықталды», - деп жазды ведомство.
Ал өткен тәулікте елімізде 10 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықққан. олардың 4-еуі Нұр-Сұлтан, 5-еуі Алматы қаласында тұрса, 1-еуі Алматы облысында тұрады.
Елімізде барлығы 1 291 985 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.