Бұл үш жыл мен үшін үлкен өмір мектебі болды: Жеңіс Қасымбек қарағандылықтармен қоштасты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының экс-әкімі Жеңіс Қасымбек Facebook парақшасында қарағандылықтармен қоштасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті достар!

Бүгін мен Қарағанды облысының әкімі лауазымындағы өз жұмысымды аяқтадым. Бұл үш жыл мен үшін үлкен өмір мектебі болды.

Бірінші кезекте мен азаматтардың, кеншілердің, металлургтердің, жастардың және ауыл тұрғындарының мүддесі үшін жұмыс істеуге тырыстым. Алдымызға қойылған міндеттерді шешуде мен әрқашан сіздердің қолдауларыңызды сезіндім, сондай-ақ ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңызды тыңдадым.

Маған танытқан сенімдеріңіз үшін барлығыңызға шынайы алғыс айтамын. Біздің өңірге амандық пен одан әрі өркендеу тілеймін!»,-деп жазды, Жеңіс Қасымбек.


Фото: facebook.com/Jenis Qasymbek


Соңғы жаңалықтар