Бұл Жолдаудың басты ерекшелігі - 2020 жылға дейінгі ел дамуының стратегиялық жоспарларына соны бедер берілуінде - Жанат Аманжолқызы
АЛМАТЫ. 29 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Елбасының биылғы Жолдауының әр тармағы алдағы 10 жылдықта жаңа қарқында жұмыс істеуге қажеттігімізді анықтап бергендей болды,
дейді Қазақтың Абай атындағы ұлттық педагикалық университетінің Тәрбие жұмысы, жастар саясаты және мемлекеттік тілді дамыту басқармасының бастығы Жанат Аманжолқызы. Оның пайымдауынша, Жолдаудың басты ерекшелігі - 2020 жылға дейінгі ел дамуының стратегиялық жоспарларына соны бедер берілуінде.
"Оның ерекшелігі мына бағыттарда көрінеді. Ел болашағы жастар қолында, олардың тағдырында дейтін болсақ, ел капиталын дамыту жолында ерекше іргетас боларлық жастардың өмірін сақтауға, денсаулығын дамытуға, білім беру сапасын көтеруге, жұмысқа тиімді орналасуында және олардың әлеуметтік өмір сапасын көтеру мәселеріне айрықша көңіл бөлінді. Жұмыссыз жүргендерді еңбекпен қамту немесе оқыту курстарын ашу арқылы индустрияландыру жоспарына үлес қосу. Сондай-ақ 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу арқылы әлемдік стандарттағы білім беру сапаларына көшу жолдары айқындалды", дейді Ж. Аманжолқызы. Оның сөзіне қарағанда, ғылым өз бетінше жатқан дүние емес. Ол білім саласына және өмірдің сапасын көтеруге қызмет етуі қажет. Осы ретте жаңа Жолдаудағы ҚР Президентінің Үкіметке берген соны тапсырмалары өз шешімін табатынына сенім зор.