Бұл жолғы рақымшылық «1953 жылдың суық жазын» қайталамай ма

АСТАНА. KAZINFORM – Мәжіліс депутаты Абзал Құспан рақымшылық туралы заң жобасына байланысты журналистердің сұрағына жауап берген. БАҚ өкілі Сталин өлімінен кейін жасалған 1953 жылғы рақымшылықтың салдарын еске алып, Қазақстанда мұндай сценаридің қайталануы қаншалықты мүмкін екенін сұрады.

Франция Оңтүстік Американың джунглиінде қатаң режимдегі түрме салады
Фото: Pexels

Депутаттың айтуынша, бұл оқиға заң саласы бойынша бүкіл оқу орнында ерекше кейс ретінде оқытылады. Сондықтан рақымшылық туралы қандай да бір шешім қабылдар кезде міндетті түрде ескеріледі. 

- Жаңа заң бойынша рақымшылыққа 40 мың адамның 15 мыңы ілігуі мүмкін, яғни сотталғандардың әрбір үшіншісі деген сөз. Бірақ 15 мың адамның ішінде тек 4,1 мыңын босату көзделген. Олардың көпшілігі - пробациялық бақылауда тұрғандар. Ал босатылатындардың саны – 630 адамның төңірегінде. Оған қоса, түрмеде жазасын толық өтеуге бір жыл ғана қалған 1 700 адам да бостандыққа шығады, - деді ол.

Сондай-ақ депутат бұл 2 мыңнан астам адам бостандыққа шыққан күннің өзінде қатаң пробациялық бақылауда болатынын айтты.

- Осы күнге дейінгі тәжірибе көрсетіп отырғандай, бұл - тәуелсіздік тарихындағы оныншы рақымшылық акциясы. Рақымшылыққа ілігіп шыққандардың ішінде қылмыстың қайталануы жоқ деуге болады, – деді Абзал Құспан.

Айта кетейік, Кеңес заманындағы сөз болған кезең туралы «1953 жылдың суық жазы» дейтін фильм бар. 

Бүгін Мәжіліс Конституцияның 30 жылдығына орай жасалатын рақымшылық туралы заңды қабылдады

Соңғы жаңалықтар