Бүлдіршіндер адамның мінезін суретінен анықтай алады - ғалымдар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымдар үш жастағы балалардың ересек адамның мінезін тек түріне немесе суретіне қарап-ақ бағалай алатынын анықтады, деп жазады Росбалт.
None
None

Бұл мәлімдеме 99 ересек адам мен 3 пен 10 жас аралығындағы 141 баланың қатысуымен жүргізілген зерттеудің нәтижесінде жасалды. Зерттеуге ерікті түрде қатысқандардың барлығына адамдардың суреттеріне қарап олардың мінезін бағалау ұсынылды. Атап айтқанда, сенімділік, басымдылық, біліктілік сынды үш қасиетіне сипаттама беру талап етілді. Сондай-ақ фотодағы адамдардың қайсысы жағымды әсер қалдыратыны да айтылды.

Зерттеуге қатысқандардың ішінде 3-4 жастағы балалардың жауабы 7 жастағы жеткіншектердің болжамына қарағанда нақты болып шықты.

Соңғы жаңалықтар