Бүлдіршіннің көзіне оқ атқан қостанайлық Ресейден Қазақстанға экстрадицияланады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің бас прокуратурасы 18 жастағы Гаджиев Арзу Сахибоглыны Қазақстанға экстрадициялау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды «ЧелябинскСегодня».

Бүлдіршіннің көзіне оқ атқан қостанайлық Ресейден Қазақстанға экстрадицияланады

Челябинск облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлағандай, РФ бас прокурорының орынбасары экстрадициялық тексерудің нәтижесі бойынша шешім қабылдады. Гаджиевті қазақстандық құқық қорғау органдары қылмыстық жауапқа тартатын болады. Айыпталушы 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске салайық, өткен жылдың шілде айында Қостанайда видеоблогер 13 жасар қыздың көзіне оқ атқан болатын. Осы факті бойынша қостанайлық полицейлер қылмыстық іс қозғады. Кейін ол жігіт Челябинскіде ұсталған еді.