«Булгарияда» қаза тапқандардың барлығының мәйіті табылды - Қазан

АСТАНА. 25 шілде. ҚазАқпарат - Құтқарушылар «Булгария» теплоходы апатынан көз жұмған соңғы екі адамның мәйітін тапты. Бұл туралы Татарстан ТЖМ бас басқармасы хабарлайды, деп мәлім етті ВВС Орыс қызметі.

«Булгарияда» қаза тапқандардың барлығының мәйіті табылды - Қазан

«Тағы екі адамның мәйіті табылды. «Булгария» теплоходы жолаушыларының анықталған тізіміне сәйкес қайтыс болған адамдардың барлығының мәйіті табылды», - деді ведомство өкілі.

Сайып келгенде, Куйбышевский су қоймасындағы қайғылы оқиға құрбандарының жалпы саны 122 адамға дейiн артты.

Ресей Тергеу комитетiнiң мәлiметiне сәйкес, апат кезінде кемеде 201 адам болған, оның 79-ы құтқарылды.