«Булгарияны» су бетіне шығарды
АСТАНА. 23 шілде. ҚазАқпарат - «Булгария» кемесі қайғылы оқиғадан бері бір апта өткеннен кейін су бетіне шығарылды. Волганың бетіне кемеден қалған қалдықтары, діңгегі мен шатыры көтерілді. Бұл жөнінде шұғыл штаб мәлімдеді, деп хабарлады ВЕСТИ.ru.
Штабта мәлімдегендей, су бетіне кеменің жоғарғы қабатын шамамен бір жарым метрге шығарып, суын сорып, герметикалау жоспарланып отыр.
Волга түбінен су бетіне көтерілген «Булгарияның» алғашқы суреттері www.lifenews.ru/news/ сайтында жарияланған.