Бұлттан аса бере құлаған ұшақта болған қыз аман табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Вашингтон штатында жеңіл моторлы ұшақ құлаған кезде аман қалған бойжеткен табылы, деп жазады шетелдік БАҚ.

Бұлттан аса бере құлаған ұшақта болған қыз аман табылды

16 жастағы Оутемн Витчті автомобилист тауып алып ол бойжеткенді жақын маңдағы сауда орталығына әкелген. Жергілікті шерифтің айтуынша, Оутемн бірнеше күн бойы таулы жерлерде жол таба алмай жүрген.

Қазір ол ауруханада, жағдайы тұрақты. Бұл ретте бортта болған тағы екі адам жайлы еш ақпарат жоқ. Қыздың апат жайлы бар айтқаны, ұшақ бұлттан аса бере бірден жерге құлдилай жөнелген.

Жеңіл моторлы ұшақтың жоғалғаны туралы сенбіде белгілі болған еді. Ол Вашингтон штатының Линден қаласына келіп қонуы керек болған. Алайда көкке көтерілген соң ұшақпен байланыс үзілген.