Бурабай аудандық ауруханасының жылыту жүйесіндегі ақаулар жойылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Жылу жүйесінде ақау шыққан Бурабай аудандық ауруханасындағы төтенше жағдай жойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Еске сала кетейік, қыс басталмай жатып, Щучьедегі аудандық ауруханада төтенше жағдай орын алған болатын. Осының салдарынан науқастарға біраз қолайсыздықтар туындаған еді.

Аталған медициналық мекеменің басшысы Айгүл Құдаманованың айтуынша, 2016-2017 жылу беру маусымына дайындық тиісті деңгейде жүргізілді. Жылу режімінің төмендеуіне гинекологиялық бөлімшедегі жылу құбырының жарылуы себеп болған. Алайда, уақытылы жүргізілген жедел шаралардың арқасында апат зардаптары жойылып, сол күні жылу беру процесі қалпына келтірілді.

«Қазіргі кезде жылу режімі қалыпты деңгейде. Аурхана мен қазандыққа жөндеу жұмыстары осыдан бірнеше жыл бұрын жүргізілген болатын. Осы күні барлық қазандықтар қалыпты деңгейде жұмыс істеуде. Оның ішінде екі қазандық тәулік бойынша жұмыс істесе, тағы үшеуі дайын тұр. Қазіргі кезде ауруханадағы жағдай тұрақты, бақылауға алынған», - деді бас дәрігер.

Соңғы жаңалықтар