Бурабай ауданында коммуналдық қызметтерге тариф төмендеді

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM – Ақмола облысы Бурабай ауданы прокуратурасының қызметкерлері тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға және көмуге арналған тарифті қалыптастыру кезіндегі заңнаманың бұзылуын анықтады.

Алматыда тарифтердің көтерілуіне байланысты өтемақы өседі
Фото: Kazinform

Мәселен, қадағалау ведомствосы электр және жылу энергиясы, ғимараттар мен құрылыстарды ұстау, сондай-ақ амортизацияға арналған шығындарды тарифтік сметаға негізсіз енгізу фактілерін анықтады.

Аталған бұзушылықтар бойынша прокуратура прокурорлық қадағалау актісін енгізді.

«Нәтижесінде абаттандырылған үйде тұратын бір тұрғынға тарифтің құны 37,70 теңгеге (ҚҚС қоспағанда 1 текше метр үшін 420 теңгеден 382,30 теңгеге), ал абаттандырылмаған үйлер үшін 40,91 теңгеге (ҚҚС қоспағанда 1 текше метр үшін 455,85 теңгеден 414,94 теңгеге) төмендетілді. Кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды», — деп жазды ведомстводан.

Осылайша, 10 173 тутынушының, оның ішінде 183 заңды тұлғаның мүдделері қорғалды.

Соңғы жаңалықтар