Бурабай курорттық аймағында көлдерді тазарту 2015 жылы жүзеге асады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Келесі жылдан бастап, Щучье-Бурабай курорттық аймағының су көздерін санациялау (жақсарту, тазарту) жұмыстары басталады. Бұл туралы бүгін Мәжілістің Экология және табиғатты пайдалану комитетінің кеңейтілген отырысында Энергетика вице-министр Талғат Ахсамбиев мәлім етті.
None
None

Еске салайық, комитет отырысында «Щучье-Бурабай курорттық аймағының су көздерін санациялау және Сорбұлақ сарқынды сулар жинақтаушы көлін реконструкциялау» мәселесі талқыланған болатын.

Вице-министрдің айтуынша, Үкімет қаулысымен бекітілген жоспар бойынша Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамытудың 2014-2016 жылдарға арналған екінші кезеңін жүзеге асыру іс-жоспарлары бекітілген. Тоқтала кететін жайт, аталған жоспар Елбасының Жолдауын іске асыру, шетелдік және отандық инвесторлар үшін тартымды инвестициялық ахуал жасау, Ақмола облысына туристер ағынын қамтамасыз ету мақсатын көздейді. Ал жоспардағы ең маңызды бағыттардың бірі - Щучье-Бурабай курорттық аймағының су айдындарын, яғни Щучье, Бурабай, Қарасу көлдерін тазалау.

«Щучье-Бурабай курорттық аймағының су айдындарын, Щучье, Бурабай, Қарасу көлдерін тазалау мен санация жобасының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді. Ол бойынша ағымдағы жылдың тамыз айында 5 млрд. 9 млн. теңге қаражат бөлінген. Жобаның аяқталу мерзімі 2016 жылға белгіленіп отыр. Негізгі жұмыс келер жылдың сәуірінен басталады деп жоспарланып отыр. Көлдерді механикалық тазартудан бөлек оларды екінші мәрте қайтадан ластануына жол бермейтін жабдықтар қамтылып, арнайы траншеялар қазылады, тиісті учаскелер көгалдандырылып, суды биологиялық тазарту шаралары қамтылады», - деді Т. Ахсамбиев.

Соңғы жаңалықтар