Бурабай курорты аумағында «Бурабайк ? 2009» халықаралық туристік мотофестивалі өтеді

АСТАНА. Маусымның 12-сі. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - «Нұр Отан» ХДП-ның қолдауымен Бурабай курорты аумағында «Бурабайк – 2009» халықаралық туристік мотофестивалі өтеді.

Бурабай курорты аумағында «Бурабайк ? 2009» халықаралық туристік мотофестивалі өтеді
Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында өткен баспасөз мәслихатында шараның ұйымдастырушылары - «Байк Каста» мотоклубының мүшелері Дмитрий Жайықбаев және Еркін Мамашәріпов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Бурабайк ? 2009» халықаралық мотофестивалі Ресей, Беларус, Қырғызстан, Өзбекстан, Балтық жағалауы елдері және алыс шетел байкерлерін біріктіретін алғашқы кең ауқымды жоба. Оған 3-5 мыңға тарта адам қатысады деп күтілуде. «Шетелдік әріптестер әсем Бурабай жайында сұрап, оған деген қызығушылықтарын танытып жатады. Шараны Бурабай Ұлттық табиғи саябағында өткізуіміздің басты себебі де осында», - дейді Д. Жайықбаев. «Бағдарламада тек байкерлерге арналған іс-шаралар болмайды. Жастарға да кәрілерге де қызықты спорттық жарыстар, байқаулар, ұлттық киім мен тамақ үлгілерімен таныстыру, концерттік қойылымдар өткізіледі», деді Еркін Мамашәріпов.