Бурабай маңында бірнеше көлік соқтығысып қалды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы аумағында «Нұр-Сұлтан-Щучье» тас жолының бойында бірнеше көлік соғылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚазАвтоЖол» ҰК« АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Нұр-Сұлтан-Щучье» тас жолы ақылы учаскесінің 244 шақырымында жол көлік оқиғасы тіркелді. Жолды қардан тазалайтын 4 бірлік арнайы техниканың соңынан қозғалған Газель автокөлігінің жүргізушісі қауіпсіз ара қашықтықты сақтамай КамАЗ-ға соғылды. Тойота Эстима маркасындағы автокөлік жүргізушісі жылдам әрекет ете алмай, аталған Газельге соғылды. Бір адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді»,- дейді «ҚазАвтоЖол» ҰК« АҚ-ның әлеуметтік желідегі парақшасында.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда.