«Бурабай» ұлттық паркінде туристер үшін 45 пикник аймағы қолжетімді

«Бурабай» МҰТП
Фото: «Бурабай» МҰТП

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM - «Бурабай» ұлттық паркінде туристер үшін 45 пикник аймағы қолжетімді, оның 10-ы биыл туристік маусым алдында орнатылды.

«Бурабай» МҰТП баспасөз қызметінің мәліметінше, пикникке арналған нысандар Кіші Шабақты, Үлкен Шабақты және Қатаркөл көлдерінің жағасында туристердің табиғи демалу орындарында ұйымдастырылған. Пикник алаңдары қауіпсіз от жағуға арналған барбекюмен, урнамен, орындықтары бар ағаш үстелмен жабдықталған. 

«Бурабай» МҰТП
Фото: «Бурабай» МҰТП

«Ұлттық парк аумағында демалысты ретке келтіру үшін өткен жылы біз 35 пикник аймағын жабдықтадық. Олардың 26 қауіпсіз от жағуға және кебаб пісіруге арналған аймақтар, ал 9 орын мангалсыз. Биыл тағы он пикник аймағын қостық. Оның екеуі Қатаркөл ауылының маңында, үшеуі Кіші Шабақты көлінің жағасында және бесеуі Үлкен Шабақты көлінің жағасында орналасқан. Осының барлығын демалушылардың от жағып, қоқысты шашып тастамауы үшін жасап отырмыз», - деді «Бурабай» МҰТП директоры Сергей Быков.

Барлық пикник алаңдары демалушылар үшін тегін. Демалыс орындарының жанында 500 көлікке арналған 7 автотұрақ алаңы қарастырылған. 

«Бурабай» МҰТП
Фото: «Бурабай» МҰТП

«Көбінесе демалушылар көліктерді тікелей орманға кіргізеді немесе көлікті жол жиегіне лақтырады. Біз орман алқабына жүктемені азайтқымыз келеді. Сондықтан көлдердің бойында, туристер жақсы көретін «жабайы» демалыс орындарында инфрақұрылым құрып, абаттандырамыз», – деп қосты ұлттық парк басшысы.

Жаңа демалыс орындарында гигиена және өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау қажеттілігі туралы нұсқаулар орналастырылған. 

«Бурабай» МҰТП
Фото: «Бурабай» МҰТП

Еске салайық, Бурабай жартастарындағы шимай-шатпақ жазу өшіріліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар